«Алтынтау» компаниялар тобы өткен жылы 15 мың келіге жуық алтын өндірді

Фотография - «Алтынтау» компаниялар тобы өткен жылы 15 мың келіге жуық алтын өндірді

«Алтынтау» компаниялар тобы 2012 жылы жоғары сынамалы 14 704 келі алтын өндірді.

254 0

«Алтынтау» компаниялар тобы 2012 жылы жоғары сынамалы 14 704 келі алтын өндірді.

Бұл туралы Ақмола облысындағы «Алтынтау Көкшетау» ЖШС-не қарасты өндіріс орындарына ұйымдастырылған баспасөз турында айтылды.

«Алтынтау Көкшетау» алтын айыру фабрикасының бас директоры Анатолий Берелюктің айтуынша, кәсіпорынды қайта құру жұмыстарынан кейін оның өндірістік қуаты жылына 52 мың келі алтынды, 990 мың келі күмісті құрайтын болады.

«Алтынтау» компаниялар тобында жоғары сынамалы алтын өндіру көлемі 2006 жылғы 3 864 келіден, 2007 жылы - 3898, 2008 жылы - 4223, 2009 жылы - 5760, 2010 жылы - 9152, 2011 жылы - 13343, 2012 жылы 14704 келіге дейін артты.

Ал күміс өндірісі 2006 жылғы 125 322 келіден 2009 жылы 87 906 келіге кеміп, одан кейін 2010 жылы - 110 247, 2011 жылы 306 992 келіге қайта артқан. Ал былтыр кәсіпорын 140 386 келі күміс өндірді.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!