Еуропа қайта құру банкі Қазақстанға 142 млн. доллар қарыз береді

Фотография - Еуропа қайта құру банкі Қазақстанға 142 млн. доллар қарыз береді

Учаске құрылысына қатысты Қазақстан Үкіметінің бірлесе қаржыландыруы 34,7 млн. доллардан аспайтын болады.

135 0

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысы «Қазақстан Республикасы мен Еуропа қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді («Шымкент-Ташкент» жолының учаскесін реконструкциялау) ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды.

Келісімге сәйкес, Қазақстан Еуропа қайта құру және даму банкінен 142 млн. доллар сомасында қарыз алады. Оны өтеу мерзімі 4 жылдық жеңілдікті қоса алғанда 18 жылды құрайды. Аталған қарыз сомасы ұзақтығы 62 шақырымды құрайтын жол учаскесіне цемент бетонды төсеуге, төрт жолақты қозғалысты ұйымдастырып, оны бірінші санатқа ауыстыруға жұмсалатын болады. Бұл учаске Өзбекстанмен мемлекеттік шекарадағы «Жібек жолы» шекара бекеті мен «Шымкент-Ташкент» жолының 742-шақырымы арасында орналасқан.

Учаске құрылысына қатысты Қазақстан Үкіметінің бірлесе қаржыландыруы 34,7 млн. доллардан аспайтын болады.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!