Швейцария банкі клиенттерінің мәліметтерін ашудан бас тартты

Фотография - Швейцария банкі клиенттерінің мәліметтерін ашудан бас тартты

Швейцарияның төменгі палатасы АҚШ салық органдарының талабы бойынша швейцарлық банктердің клиенттерінің ақпаратын ашуына рұқсат беретін заң жобасын кейін қайтарды.

220 0

Швейцарияның төменгі палатасы АҚШ салық органдарының талабы бойынша швейцарлық банктердің клиенттерінің ақпаратын ашуына рұқсат беретін заң жобасын кейін қайтарды.

АҚШ бұл құжатты шілде айына дейін қабылдауды талап етіп отыр. Өйтпеген жағдайда американдықтар швейцарлық банктерге айыппұл санкцияларын салмақ. АҚШ салық органдарын айналып өтіп, ақшаны шетелдерге жылыстатқысы келетін американдықтардың есепшотын ашуға мүдделі.

Қаңтар айында Швейцариядағы байырғы Wegelin and Co банкі американдық өкімет органдарынан 57 млн. доллардан астам айыппұл алғаннан кейін жабылды. Сотта банк американдық клиеенттердің салық ретінде қазынаға түсуге тиісті ондаған миллион долларын жасыруға мүмкіндік бергені анықталды.

Швейцариядағы парламент сессиясының аяқталуына үш күн қалды. Сарапшылар бұл оқиға елеулі саяси дағдарысқа ұшыратады деген болжам жасауда.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!