Атырау облысында 1,4 трлн. теңгенің жобалары жүзеге асырылуда

Фотография - Атырау облысында 1,4 трлн. теңгенің жобалары жүзеге асырылуда

Бүгінгі таңда Атырау облысында жалпы құны 1,4 трлн. теңгені құрайтын 34 жоба жүзеге асырылуда.

139 0

Бүгінгі таңда Атырау облысында жалпы құны 1,4 трлн. теңгені құрайтын 34 жоба жүзеге асырылуда.

Бұл туралы аймақ басшысының бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсенбаев айтты.

Бұл туралы Ғ.Дүйсенбаев Каспий теңізіндегі шельфтік кен орындарында жобаларды сәтті игеру үшін заманауи технологиялар мәселелері талқыланған «Каспий шельфін дамыту» III халықаралық мұнай-газ конференциясында мәлімдеді.

Ол сондай-ақ, Каспий шельфін игеру Қазақстанның жаһандық мұнай-газ нарығындағы ұстанымын нығайтатындығын атап өтті.

«Бірінші кезекте, еліміз рөлінің нығая, арта түсуі жақын арада мұнай өндіру жұмыстары басталатын Қашаған кен ошағын игерумен байланысты. Біздің мақсат - теңіздің қазақстандық бөлігін игеру өңірдегі отандық сервистік компаниялардың ұстанымын нығайтуға, шағын және орта бизнесті дамытуға көмегін тигізу үшін барынша күш-жігер жұмсау. Мұнай операциялары облыстың барлық экономикасын жаңғыртуға тың серпін беру бағытында қарекетке кірісеміз. Сондықтан жергілікті атқарушы биліктің алдында қазақстандық компанияларды қолдап, мұнай жобаларындағы отандық кәсіпкерліктің үлесін барынша арттыру міндеті тұр», - деді Ғ. Дүйсенбаев.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!