Депутаттар «Альянс» пен «Темірбанкті» біріктіріп, ауыл шаруашылығы бағытындағы бір банк құруды ұсынды

Фотография - Депутаттар «Альянс» пен «Темірбанкті» біріктіріп, ауыл шаруашылығы бағытындағы бір банк құруды ұсынды

Парламент депутаттары «Альянс» және «Темірбанк» банктерінің базасында ауыл шаруашылығы банкін құруды ұсынады

174 0

Парламент депутаттары «Альянс» және «Темірбанк» банктерінің базасында ауыл шаруашылығы банкін құруды ұсынады.

Бұл туралы бүгін «Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары» атты тақырыпта өткен Парламенттік тыңдауда сөз сөйлеген Мәжіліс депутаты Рауан Шаекин мәлім етті.

Депутаттың айтуынша, бүгінгі таңда еліміздегі екінші деңгейлі банктердің кредиттік ресурстары көптеген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін қолжетімсіз болып табылады. Мұндай банктердң ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қоятын талабы да қатал, ұсынатын пайыздық мөлшерлемелері де жоғары. Сондықтан да, депутаттар «Альянс банк» пен «Темірбанкті» біріктіріп, одан ауыл шаруашылығы бағытындағы бір банк ұйымдастыруды ұсынады. Бұл ретте ондай банктің кредиттік портфелінің 50 пайызы ауыл шаруашылығы өндірісіне икемді шарттар бойынша бағытталуы керек. Ал қалған 50 пайызын басқа салаларға бағыттауға да болады.

Тоқтала кететін жайт, парламенттік тыңдау барысында Мәжіліс спикері Н. Нығматулин де еліміздің екінші деңгейлі банктерінің шаруаларды қаржыландыру бойынша ұстанымын тым тиімсіз деп бағалаған болатын.

Жыл басынан бері «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ «БТА-банк», «Альянс банк» және «Темірбанкті» капиталдан шығару бойынша үдерісті жүргізіп жатқаны белгілі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!