Шекті тариф өз тиімділігін көрсетпек

Фотография - Шекті тариф өз тиімділігін көрсетпек

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев бүгін Үкіметте өткен тарифтік саясатты жетілдіру туралы баяндады

219 0

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев бүгін Үкіметте өткен тарифтік саясатты жетілдіру туралы баяндамасында: шекті тарифке өту нәтижесінде бюджетке қатысты салмақ азаяды және экономиканың басқа басым бағыттары бойынша қаржыландыру артады деп күтілуде, - деп мәлімдеді. 

«Тарифтік саясаттың негізгі мақсаты экономиканың реттелетін секторларына, оның ішінде жылу, су шаруашылығы, кәріз және электр желілері салаларына инвестиция көлемін ұлғайту болып табылады», - деді ҚР ЭБЖМ Басшысы.

Ерболат Досаев, сондай-ақ, шекті тарифтерді пайдаланудың басты артықшылықтарын атап өтті:

- табиғи монополия субъектілерінің бюджеттен тыс қаражаттарының есебінен негізгі және өндірістік активтерді модернизациялау мен жаңартуға инвестициялардың көлемін ұлғайту.

- табиғи монополия субъектілері қызметтеріне тарифтер жоғарылауының тұрақтылығы мен болжамдылығы.

- табиғи монополия субъектілері мен Доминанттар қызметтеріне тариф белгілеу рәсімінің ашықтығы мен жариялылығы болып табылатын көрінеді.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!