Жылумен жабдықтау тарифтері өсімінің негізгі себептері - отын бағасының қымбаттауы

Фотография - Жылумен жабдықтау тарифтері өсімінің негізгі себептері - отын бағасының қымбаттауы

 Жылумен жабдықтау тарифтері өсімінің негізгі себептері - отын бағасының қымбаттауы.

158 0

 Жылумен жабдықтау тарифтері өсімінің негізгі себептері - отын бағасының қымбаттауы.

2013 жылдың 1 қаңтары мен 2013 жылдың 1 маусымы кезеңінде республика өңірлерінде жылу энергиясына халықтың төлеген сомасының көлемі 1 шаршы метріне орташа есеппен 3,7-ден 21,38 теңгеге дейін өзгерді.

Мәселен, Павлодар облысында 1 шаршы метріне 3,5 теңгеге, Атырау облысында 5,11 теңгеге ғана шамалы қымбаттады. Ал Батыс Қазақстан облысында 1 шаршы метрі 21,38 теңгеге, Қостанай облысында 15,17 теңгеге көтерілді.

Жылумен жабдықтау тарифтері өсуінің негізгі себебі отынның, атап айтқанда, газдың 13 пайызға, мазуттың 49 пайызға дейін қымбаттауы болды. Бұл ретте жылу тарифі құрылымындағы отын үлесі 50-ден 70 пайызға дейін құрайды.

Республиканың бірқатар өңірі (Қазақстанның оңтүстігі мен Қостанай облысы) отын ретінде Ресей мен Өзбекстаннан импортталатын газды пайдаланатындығын атап өту қажет.

Жылумен жабдықтау тарифтеріне жанар-жағармай, бөлшектер және жөндеу жұмыстары да әсер етеді.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!