2015 жылдан кейін жасыл экономикаға көшу үшін жылына 2,3 млрд. доллар мемлекеттік инвестиция қажет болады

Фотография - 2015 жылдан кейін жасыл экономикаға көшу үшін жылына 2,3 млрд. доллар мемлекеттік инвестиция қажет болады

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Прага экономикалық-экологиялық форумына ұлттық дайындық конференциясы аясында ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Бектас Мұхамеджанов мәлім етті

334 0

2015 жылдан кейін жасыл экономикаға көшу үшін жылына шамамен 2,3 млрд. доллар мемлекеттік инвестиция қажет болады.

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Прага экономикалық-экологиялық форумына ұлттық дайындық конференциясы аясында ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Бектас Мұхамеджанов мәлім етті.

«Біздің болжамымызша, мемлекет тарапынан өте көп инвестиция талап етілмейді, инвестицияның шамамен үштен екісі жеке инвестиция болуы мүмкін», - деді ол.

Вице-министрдің атап өтуінше, бүгінгі таңдағы басты міндет жеке инвесторлар үшін қажетті жағдай жасау болып отыр. Осыған орай таяуда Парламент жаңаратын энергия көздеріне қатысты заңнамаға түзетулерді қабылдады. Ол жеке инвесторлар үшін оң ахуал қалыптастыруға мүмкіндік береді әрі арнайы есептік қаржы орталығын құруды көздейді. Ендігі уақытта жасыл экономиканы құруға тартылған энергия өндіретін ұйымдар энергияны сатуда проблемаларға тап келмейтін болады. Оның барлығы есептік қаржы орталығы арқылы жүеге асырылады.

«Бүгінгі таңда жеке инвесторлар тарапынан түскен өтінім көлемі біз өзімізге айқындаған қарқыннан 4 есе асып түседі», - деді Б.Мұхамеджанов.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!