Қазкоммерцбанк Қазақстандағы алғашқы контактісіз төлем карталарын шығара бастады

Фотография - Қазкоммерцбанк Қазақстандағы алғашқы контактісіз төлем карталарын шығара бастады

Бұл Visa банктік картасы арқылы тұңғыш транзакция Esentai Mall-дағы Burger King жылдам қызмет көрсету мейрамханасында жасалды.

243 0

Қазкоммерцбанк пен Visa компаниясы Visa payWave технологиясы негізінде Қазақстанда алғашқы боп контактісіз төлем карталарын шығара бастады.

Бұл Visa банктік картасы арқылы тұңғыш транзакция Esentai Mall-дағы Burger King жылдам қызмет көрсету мейрамханасында жасалды.

Visa компаниясының Алматыдағы кеңсесінің басшысы Ғалым Табылдиевтің айтуынша, әлемнің бірқатар елдерінде қолданылып жатқан инновациялық бұл өнім енді қазақстандықтар үшін де қолжетімді болып отыр. Енді жыл соңына дейін Қазкоммерцбанкпен бірлесіп ұялы телефон арқылы жүзеге асырылатын тағы бір инновациялық өнімді пайдалануға бермек. Ал ТМД және Оңтүстік Шығыс Еуропа елдеріндегі инновациялық өнімдер департаментінің жетекшісі Андрей Алейкиннің сөзіне қарағанда, payWave картасымен есеп-айырысу әдеттегі төлем картасы арқылы есеп-айырысудан 4 есе, ал қолма қол төлемнен 3 есе жылдам. Оған 2 мәселе себепші болып отыр. Біріншіден, клиент картасын кассирге бермей-ақ оны терминалға жақындату арқылы төлемді өзі жасайды. Екіншіден, Visa payWave арқылы 4 мың теңгеден аспайтын сауда жасаған уақытта картаның иесіне PIN-кодты енгізу немесе қолтаңбасын қоюдың қажеті жоқ. Жалпы payWave карталары арқылы көлікке жанар-жағар май құюда, супермаркеттер мен косметикалық дүкендер желісінде контактісіз төлем жасауға болады.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!