Қазақстанға 2012 жылы 22,5 млрд. доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылды

Фотография - Қазақстанға 2012 жылы 22,5 млрд. доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылды

азақстанда тәуелсіздік жылдары ел экономикасына тартылған жалпы тікелей шетелдік инвестицияның (ТШИ) 50 пайызға жуығы соңғы 4 жылдың үлесіне тиесілі.

260 0

азақстанда тәуелсіздік жылдары ел экономикасына тартылған жалпы тікелей шетелдік инвестицияның (ТШИ) 50 пайызға жуығы соңғы 4 жылдың үлесіне тиесілі.

«KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Қарманов бүгін агенттіктің алғашқы жартыжылдықтағы Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тарту бойынша қызметін қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында осылай айтты.

Қайрат Қармановтың айтуынша, әлемдік тікелей шетелдік инвестициялар түсімінің теріс серпініне қарамастан, елімізде оның тұрақтылығы сақталып келе жатыр. Мәселен әлемде қаржы дағдарысынан кейінгі жылдары ТШИ түсімі азайып, инвестициялар деңгейі әлі дағдарысқа дейінгі деңгейге жете алмауда. Ал Қазақстанда былтыр ол рекордтық көрсеткішке жетіп, 22,5 млрд. долларды құрады. Атап айтқанда 1993-2012 жылдары ел экономикасына тартылған ТШИ-дің жалпы көлемі 171,2 млрд. доллар болса, оның 81,6 млрд. доллары 2009-2012 жылдардың үлесіне тиіп отыр.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!