Жалпы ішкі өнім 186 млрд. долларға жетті

Фотография - Жалпы ішкі өнім 186 млрд. долларға жетті

 Соңғы жылы елдің ЖІӨ өсіп, 186 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл туралы Парламент депутаты Камал Бұрханов Кәріс Этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан-2050» Стратегиясы – ХХІ ғасырдағы Идея және Модель» атты дөңгелек үстелде айтты.

320 0

 Соңғы жылы елдің ЖІӨ өсіп, 186 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл туралы Парламент депутаты Камал Бұрханов Кәріс Этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан-2050» Стратегиясы – ХХІ ғасырдағы Идея және Модель» атты дөңгелек үстелде айтты.

КСРО одағынан Қазақстанмен қатар тәуелсіздігін алған елдермен салыстырғанда экономикамыз едәуір жоғары. Мәселен, экономикасы өзге одақтас елдерден жоғары саналатын Украинаның жалпы ішкі өнімі 168 млрд. АҚШ доллары, ал халқының саны бізден 4 есе көп. Алтын қорымыз 80 млрд. АҚШ долларына жетіп отыр. Жалпы алғанда, еліміздің жалпы ішкі өнімі көптеген Еуропа елдерімен салыстырғанда көш ілгері деуге толық негіз бар.

Президентіміз жоспарлаған «Қазақстан-2030» стратегиясы қазірдің өзінде 90 пайызға орындалған. Алайда, біз осы жеткен жетістіктерімізге тоқмейілсімей, үнемі алға қарай қадам басуымыз қажет, деді К.Бұрханов.

Депутаттың мәліметтеріне сүйенсек, еліміздегі алдыңғы қатарлы мұнай компаниясы болып саналатын Rompetrol холдингі акциясының 100%-ы «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамына тиесілі. «Болашақ» бағдарламасы бойынша алғашқылардың бірі болып оқып келген жастарымыз аталған саланы ілгерілетудің бірегей жүйесін құрып, еліміздің мұнай саласына қомақты үлестерін қосып келеді.

 


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!