Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 2012 жылы 320 млн. долларға жуықтады

Фотография - Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 2012 жылы 320 млн. долларға жуықтады

Қазақстандық бизнес қоғамдастығының Ауғанстанға деген қызығушылығы өте жоғары.

177 0

Қазақстандық бизнес қоғамдастығының Ауғанстанға деген қызығушылығы өте жоғары.

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан Қазақстан-Ауғанстан бизнес форумында айтылды. АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігінің аймақтық экономикалық ынтымақтастық жобасы бойынша ұйымдастырылып отырған бұл шара екі күнге созылмақ.

«Статистикалық мәліметтерге қарағанда, 2012 жылы екі елдің арасындағы тауар айналымы 320 миллион долларға жуықтады. Ынтымақтастықтың бұдан ары да кеңеюіне тасымал мен транзит сияқты мәселелер өз ықпалын тигізуде. Бұған дейін кәсіпкерлер негізінен өзге елдердегі делдал компаниялар арқылы байланысып келсе, енді бұл жоба арқылы олар тікелей кездесіп, қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік алып отыр», - дейді «KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі» АҚ-ның Алматы қаласындағы филиалының жетекшісі Сәбит Нарбаев. Оның айтуынша, екі елдің арасындағы қарым-қатынасты дамытуда Үкімет тарапынан да көп жұмыстар жасалып жатыр. Мәселен биыл Ауғанстанда қыркүйек айында үкіметаралық комиссияның 6-шы отырысы болады. Ал 2-3 шілде күндері Ауғанстан-Қазақстан бизнес форумы Кабулда өткелі отыр.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!