Қазақстан мен Германия арасында 4 млрд еуроның 72 инвестициялық келісімі жасалды

Фотография - Қазақстан мен Германия арасында 4 млрд еуроның 72 инвестициялық келісімі жасалды

Бұл жөнінде бүгін стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің бесінші отырысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші орынбасары Альберт Рау мәлім етті.

166 0

Қазақстан мен Германия арасында бүгінгі күні жалпы сомасы 4 млрд еуроны құрайтын 72 инвестициялық және сауда-сервистік келісім жасалған. Бұл жөнінде бүгін стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің бесінші отырысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші орынбасары Альберт Рау мәлім етті.

«Ұлттық банк мәліметі бойынша, 1993 жылдан бері Германияның Қазақстанға құйған инвестициясы өткен жылдың соңында 2 млрд доллардан асып жығылды. Қазақстаннан Германияға 6,8 млрд доллар шамасында бағытталды. Негізінен, бұл Германияның мемлекеттік бағалы қағаздарына құйылған инвестиция», - деді Альберт Рау.

Оның айтуынша, екі тараптың белсенді жұмысының нәтижесінде соңғы 3 жылда біздің компаниялар арасында жалпы сомасы 4 млрд еуроны құрайтын 72 инвестициялық және сауда-сервистік келісім жасалған.

«Бұл жобалардың бір бөлігі Қазақстан-Германия іскерлік кеңесі өткен жылы Гамбургте бекіткен басымдық берілетін жобалардың қатарына кірді», - деді А.Рау.

Вице-министр атап өткендей, қазіргі уақытта бұл 72 инвестициялық жобаның 12-сі жүзеге асырылған. Олардың құны 700 млн еуроға жуықтайды. 15 жоба іске асырылып жатыр, ал 45 жоба дайындық кезеңінде.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!