Еуразия даму банкінің 2017 жылға дейінгі стратегиясы мақұлданды

Фотография - Еуразия даму банкінің 2017 жылға дейінгі стратегиясы мақұлданды

Бүгін Мәскеуде Еуразия даму банкі кеңесінің кезекті мәжілісінде халықаралық қаржы институтының 2013-2017 жылдардағы стратегиясы мақұлданды.

209 0

Бүгін Мәскеуде Еуразия даму банкі кеңесінің кезекті мәжілісінде халықаралық қаржы институтының 2013-2017 жылдардағы стратегиясы мақұлданды.

Оған Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Армения елдерінің қаржы министрлері - Болат Жәмішев, Ольга Лаврова, Антон Силуанов пен Давид Саркисян қатысты.

Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, енді олар өз жұмысын мына бағыттарға шоғырландырмақ. Бірінші, мүше-мемлекеттердің энергетикалық, көліктік және муниципиалды инфрақұрылымдық жобаларын қаржыландыру. Екінші, кәсіпорындардың энергосыйымдылығын төмендету және ресурсжинақтау көрсеткіштерін жақсарту жобаларын қаржыландыру жолымен экономиканың энерготиімділігін арттыруға жәрдемдесу. Үшінші, экономикалық ықпалдастықты тереңдету мақсатында сауда-экономикалық байланыстар мен өзара инвестициялар тартуға көмектесетін жобаларды қаржыландыруды жалғастыру.

Банктің басқарма төрағасы Игорь Финогеновтың сөзіне қарағанда, 2011-2013 жылдарға арналған стратегия мерзімінен бұрын орындалды. Инвестициялық қоржын 2012 жылдың аяғында 4,6 млрд. долларға жетті, ал ағымдағы инвестициялық қоржын 3,67 млрд. долларды құрауда. Банк жобалары 18 мың жұмыс орнын құрып, мүше-мемлекеттердің бюджетіне 588 млн. доллардың салықтық түсімдерін түсіруге септігін тигізді.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!