Алматы бюджеті 2013 жылы 28 млрд теңгеге ұлғайды

Фотография - Алматы бюджеті 2013 жылы 28 млрд теңгеге ұлғайды

деп хабарлайды  қала басшысының баспасөз қызметі.

142 0

Алматы бюджеті 2013 жылы 28 млрд теңгеге ұлғайды. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық мәслихатының XVII сессиясында депутаттар мәлімдеді, деп хабарлайды  қала басшысының баспасөз қызметі.

Басқосуда 2013 жылдың бюджетін нақтылау туралы мәселе қаралды.

Дауыс беру нәтижесі бойынша бөлінген мақсатты трансферттер мен салық түсімінің арқасында қала бюджеті 28 млрд 806 млн 781 мың теңгеге ұлғайды.

Бұл қаржы білім, көлік, байланыс, энергетика мен коммуналды шаруашылыққа жұмсалатын болады. Бюджет қаржысы Универсиада обьектілерінің құжаттарын, нысандарын, сонымен қатар «Көкжайлау» тау шаңғысы курортының құжаттарын жасауға, « Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын, Алатау ауданындағы Индустриалды аймақты жүзеге асыруға жұмсалады.

Сонымен қаланың 2013 жылға арналған бюджетінің жалпы сомасы – 352 млрд 658 млн 074,4 мың теңге, нақтыланғаны – 300 млрд 434 млн 539,4 мың теңге.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!