СҚО-да индустрияландыру картасына 41 млрд теңгенің 30 жобасы енді

Фотография - СҚО-да индустрияландыру картасына 41 млрд теңгенің 30 жобасы енді

Солтүстік Қазақстан облысында индустрияландыру картасына 41 млрд теңгенің 30 инвестициялық жобасы енді.

129 0

Солтүстік Қазақстан облысында индустрияландыру картасына 41 млрд теңгенің 30 инвестициялық жобасы енді.

Индустрияландыру картасына 40,8 млрд теңгенің 30 инвестициялық жобасы енді. Оларда құрылыс жұмыстары кезінде 1818 жұмыс орны, іске қосылғанда 1839 жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысы міндетін атқарушы Александр Иванищев хабарлады.

ҚР Президентінің бастамасымен қолға алынған индустрияландыру картасы аясында 3 жылда 25,8 млрд теңгенің 26 жобасы іске қосылды. Мыңдаған адам жұмыспен қамтылды.

3,5 жылда іске қосылған жобалар 22 млрд теңгенің өнімін өндіруге мүмкіндік берді.

«5 жоба бойынша инновациялық өнімдер өндіріледі деп межеленген. Бұған қоса бұрын аймақта өндірілмеген өнімдер шығаратын 4 кәсіпорын ашылады»,-деп түсіндірді Александр Иванищев.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!