Маусымда күнкөрістің ең төменгі деңгейі 18 436 теңгені құрады

Фотография - Маусымда күнкөрістің ең төменгі деңгейі 18 436 теңгені құрады

2013 жылғы маусымда күнкөрістің ең төменгі деңгейі 18 436 теңгені құрады, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен

145 0

2013 жылғы маусымда күнкөрістің ең төменгі деңгейі 18 436 теңгені құрады, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.

«Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрісінің ең төменгі деңгейінің шамасы 2013 жылғы маусымда өткен аймен салыстырғанда 6,2, ал 2012 жылғы маусыммен салыстырғанда 7,3 пайызға өсті», - делінген хабарламада.

Ведомствоның атап өтуінше, күнкөрістің ең төменгі деңгейі құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 21,9, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаға - 14,8, жемістер мен көкөністерге -14,1, нан және жарма өнімдеріне - 7,2, қант, шай және дәмдеуіштерге - 2 пайызды құрайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!