Қазақстандық банктердің үштен екісі өзінің депозиттік қоржынын ұлғайтты

Фотография - Қазақстандық банктердің үштен екісі өзінің депозиттік қоржынын ұлғайтты

24,4 млрд теңге тарта білген Халық банкі ең ірі өсімге қол жеткізіп отыр

154 0

Мамыр айында қазақстандық банктердің үштен екісі жеке тұлғалар бойынша өзінің депозиттік қоржынын ұлғайтты.

24,4 млрд теңге тарта білген Халық банкі ең ірі өсімге қол жеткізіп отыр. Үздік үштіктен сондай-ақ әр түрлі салымдар бойынша 5,5 млрд теңгемен Сбербанк және 3,5 млрд теңгемен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі көрінді.

Бөлшек салымдар базасын Kaspi bank белсенді түрде ұлғайтқан. Мамырда ол салымдардың жалпы көлемі бойынша Банк ЦентрКредитті басып озып, рэнкингте үшінші орынға тұрақтады.

Алғашқы жиырмалықтың арасында АsiaCredit Bank әр түрлі салымдар көлемін 9 есеге 0,9 млрд теңгеден 8,2 млрд теңгеге өсірді.

Мамырда банк секторындағы әр түрлі салымдар көлемі 44 млрд теңгеге, яғни 3,6 триллионға дейін ұлғайды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!