Энергия үнемдеу саласында бүгінде 2,8 млрд. теңгені үнемделді

Фотография - Энергия үнемдеу саласында бүгінде 2,8 млрд. теңгені үнемделді

Бүгін Астанада елдің инновациялық дамудың негізгі операторы - «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның 10 жылдығына орай мерейтойлық баспасөз мәслихаты өтті. Оған Басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов пен Директорлар кеңесінің төрағасы кенжеғали Сағадиев және Басқармасы төрағасының орынбасары Әнуарбек Сұлтанғазин қатысты.

202 0

Бүгін Астанада елдің инновациялық дамудың негізгі операторы - «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның 10 жылдығына орай мерейтойлық баспасөз мәслихаты өтті. Оған Басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов пен Директорлар кеңесінің төрағасы кенжеғали Сағадиев және Басқармасы төрағасының орынбасары Әнуарбек Сұлтанғазин қатысты.

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру туралы» Заңды және 2011-2015 жылдарға арналған энергия тиімділігі бойынша кешенді жоспарды қабылдаумен байланысты ҚР ІЖӨ энергия сыйымдылығын 2015 жылға қарай кемінде 10% және 2020 жылға қарай 25% төмендету болжануда.

- Энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыра отырып, қазіргі күні 2,8 млрд. теңгені үнемдей алдық. Мемлекеттік энергетикалық тізілім қалыптастырылған, оған 2000 астам өнеркәсіптік кәсіпорын мен 28 мың мемлекеттік мекемеле кірді. Атап айтанда, негізгі 30 ірі кәсіпорын энергртиімділік аудитті жүргізуді жоспарлап, 50 кәсіпорында энергия менеджменті жүйесі енгізілуде. Елдің 200 астам өнеркәсіптік кәсіпорындарында жаңғырту жүруде және 300 млрд. теңгеден астам қаражат инвестицияға салу көзделген. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы осы іс-шаралардан шамамен 3 млн. м.э.н. (мұнай эквивалентідегі тонна) мөлшеріндегі энергия ресурстарды үнемдеуде өз тиімділігін көрсететін болады, - деді отырысқа спикер ретінде қатысқан «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов.

ондай-ақ, Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР ИЖТМ энергия үнемдеу саласында «Энергия тиімділігі - 2020» бағдарламасын әзірленіп, «Энергобаланс - 2020» бағдарламасы да дайындалып жатқандығы сөз болды.

2012-2015 жылдарға арналған энергия тиімділігі бойынша кешенді жоспар шеңберінде 100-ден астам отандық энергия аудиторлары мен энергия менеджменттері дайындалған. Өткен жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетінде «Энергетикалық менеджмент» атты жаңа мамандық ашылған. Бүгінде осы мамандық бойынша университетте 27 студент білім алуда.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!