«Қазақстан темір жолы» 2015 жылға қарай өндіріс көлемін 300 млрд теңгеге жеткізбек

Фотография - «Қазақстан темір жолы» 2015 жылға қарай өндіріс көлемін 300 млрд теңгеге жеткізбек

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы 2015 жылға қарай өндіріс көлемін 300 млрд теңгеге жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл жөнінде бүгін «GEVO» дизельдік қозғалтқыштар зауыты құрылысының басталуына орай өткен салтанатты рәсімде компанияның президенті Асқар Мамин мәлімдеді

251 0

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы 2015 жылға қарай өндіріс көлемін 300 млрд теңгеге жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл жөнінде бүгін «GEVO» дизельдік қозғалтқыштар зауыты құрылысының басталуына орай өткен салтанатты рәсімде компанияның президенті Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz

«Біз жаңа жобаны жүзеге асыруға кіріскелі отырмыз. Елбасының тапсырмасы бойынша, елімізде қысқа мерзімде жаңа темір жол машинасын жасау саласы құрылды. Бұл Қазақстанда болмаған өндірістер – тепловоз, электровоз, жүк және жолаушылар тасымалдайтын вагондар, рельс шығаратын зауыт. Бұл жобалар әлемге танымал ірі компаниялармен бірлесіп жүзеге асырылды», - деді Асқар Мамин.

Ол темір жол машина жасау өнімінің көлемі бес жылда 20 есеге жуық артқанын атап өтті. 2008 жылы ол 10 млрд теңге болса, биыл 200 млрд теңгеден асып жығылады.

«Бұл көрсеткішті 2015 жылға 300 млрд теңгеге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Жаңа өндіріс ошақтары Қазақстанның экономикалық дамуына орасан үлес қосады деген ойдамыз. Сондай-ақ бұл жобалар ел экономикасының экспорттық әлеуетін дамытады. Бұл теміржолшылардың индустрияландыру бағдарламасына қосқан үлесі», - деп атап өтті «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы.


http://BNews.kz


Тегтер:

темир жол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!