Қазақстанның ірі компаниялары өз кәсіпорындарын жаңғыртуға25 млрд теңге бөлуді жоспарлауда

Фотография - Қазақстанның ірі компаниялары өз кәсіпорындарын жаңғыртуға25 млрд теңге бөлуді жоспарлауда

 Қазақстанның ірі компаниялары қуат үнемдеуге өз үлесін қосады. 2015 жылға дейін «Самұрық-Энерго», «Қазақмыс»,«Қазмырыш» және «Қазақстан темір жолы» өз кәсіпорындарын жаңғыртуға жалпы көлемі 25 млрд теңге бөлуді жоспарлауда

117 0

 Қазақстанның ірі компаниялары қуат үнемдеуге өз үлесін қосады. 2015 жылға дейін «Самұрық-Энерго», «Қазақмыс»,«Қазмырыш» және «Қазақстан темір жолы» өз кәсіпорындарын жаңғыртуға жалпы көлемі 25 млрд теңге бөлуді жоспарлауда

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Қуат үнемдеу және қуат тиімділігін арттыру департаментінің басқарма бастығы Әлібек Қалыбайдың айтуынша, бұл сома әлі нақтыланады. Ол тіпті көбейтілуі де мүмкін.

Қуатты тиімді пайдалану немесе «отынның бесінші түрі» – ғимараттар мен өндірістегі технологиялық процестерді қуатпен жабдықтау деңгейін бұрынғы қалпында сақтай отырып, қуатты барынша тиімді пайдалану дегенді білдіреді.

Астанада натрий шамдарын пайдалану арқылы электр қуатын айтарлықтай үнемдеуге қол жеткізілді. «Жаңалыққа сүйену керек. Біз инновацияны алға шығаруымыз қажет. Қала ішінде қуат үнемдейтін натрий шамдарына көшу арқылы біз соған алғашқы қадамды жасадық. Қазір соның нәтижесінде электр қуатын 20 пайызға дейін үнемдеп отырмыз. Ал мұндай шамдардың беретін жарығы 40 пайызға артты», – дейді Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов. Ендігі кезекте әлеуметтік салаларды осындай үнемді шамдарға көшіруге де кезек келеді.

Астана көлемінде орта есеппен бұл 500 мың пәтер, кеңсе, әлеуметтік нысандар, жеке-жайлар мен саяжайларды қосқанда, әлгі көрсеткіш жылына 150 млн кВт/с құрайды. Салыстыру үшін айтсақ, Астанадағы ірі электр стансының бірі – ТЭЦ-2 жылына 2 млрд 405 млн кВт/с электр қуатын өндіреді. Демек, өндірілген электр қуатының 6 пайыздан көбі далаға кетеді. Сонда 140 мың тонна көмір текке жанады деген сөз. Бұл өз кезегінде ауаны ластайды.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!