Ағымдағы маркетинг жылында Қазақстан 7,1 млн. тонна астық экспорттады

Фотография - Ағымдағы маркетинг жылында Қазақстан 7,1 млн. тонна астық экспорттады

Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков айтты

224 0

Ағымдағы маркетинг жылында Қазақстан 7,1 млн. тонна астық экспорттады.

Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков айтты.

Оның атап өтуінше, шілдеден шілде айына дейін есептелінетін осы маркетинг жылында Қазақстан 7,1 млн. тонна астық экспорттады. Ал өткен маркетинг жылында бұл көрсеткіш шамамен 12 млн. тоннаны құраған болатын. «Біз өзіміздің барынша бәсекеге қабілетті, Қазақстанға тең келері жоқ дәстүрлі нарықтарымыз Орта Азия, Кавказ, Қытайдың батыс бөлігі, сонымен қатар Иран мен Ауғанстан екендігін түсінуіміз керек. Дәл осы нарықтарға біз баса назар аударуымыз қажет. Бұл нарықтағы тұтыну көлемі шамамен 6,65 млн. тоннаны құрайды. Ал қалғанын біз Қара және Балтыз теңіздері арқылы алыс шетелдерге экспорттауға мәжбүрміз. Бұл бағыт шамамен 100 доллар қосымша шығынды қажет етеді», - деді министр.

А.Мамытбековтың пайымынша, ол шаруалар үшін тиімсіз. Сондықтан да ауыл шаруашылығы алдында өсімдік шаруашылығын әртараптандыру және астық көлемін ішкі қажеттілік пен еліміздің оңтайлы экспорт көлемін ескере отырып қысқарту қажет. «Бұл шамамен 7 млн. тонна ішкі және 7 млн. тонна сыртқы нарықты құрайды. Сонда ғана біздегі баға чикаголық не болмаса париждік биржа бағасы деңгейінде болады», - деді ол.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!