Қазақстан алдағы уақытта Иранға 2,25 млн. тонна астық экспорттайтын болады

Фотография - Қазақстан алдағы уақытта Иранға 2,25 млн. тонна астық экспорттайтын болады

 Қазақстан алдағы уақытта Иранға 2,25 млн. тонна астық экспорттайтын болады.

305 0

 Қазақстан алдағы уақытта Иранға 2,25 млн. тонна астық экспорттайтын болады.

А.Мамытбековтің сөзіне қарағанда, Иран жылына шамамен 4 млн. тонна астық тұтынады әрі оның 1 млн.ға жуығын Қазақстан жеткізеді. Қазақ астығы Иранға Сарыағаш арқылы темір жолмен және Каспий теңізімен Ақтау айлағы арқылы жөнелтіледі.

«Қазіргі уақытта ол жаққа қосымша 2,25 млн. тонна астық экспорттауға мүмкіндік беретін Өзен стансасы мен Горган (Иран) арасын қосатын темір жол салынуда. Бұл Иран үшін де тиімді, өйткені, ел халқының негізгі бөлігі солтүстікте қоныстанған. Олар Парсы шығанағында орналасқан Бандарабас айлағы арқылы сатып алып, бүкіл елдің ішімен солтүстікке тасымалдайды. Сондықтанда бұл екі жаққа да тиімді. Ирандықтар аталған жолды сол себепті қарқынды салу үстінде, әрі мүдделі де. Бұл біздің экспорттық әлеуетімізді арттырады», - деді А.Мамытбеков.


Тегтер:

экспорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!