Алғашқы жартыжылдықта құрылыс саласында баға 1,5 пайызға артты

Фотография - Алғашқы жартыжылдықта құрылыс саласында баға 1,5 пайызға артты

Бұл туралы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

133 0

Ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығында еліміздегі құрылыс саласында баға 1,5 пайызға өсті. Бұдан бөлек, 2013 жылдың маусымында өткен жылдың желтоқсанымен салыстырып қарағанда құрылыс-монтаждау жұмыстарына баға 1,3 пайызға, машина мен құрылғыларға 1,4 пайызға, басқа жұмыстар мен шығындарға 2,1 пайызға өсті. Бұл туралы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, құрылыс ұйымдарымен сатып алынған тауарлы бетон бағасы бірінші жартыжылдықта 5,1 пайызға, фарфор және қыш бұйымдары 2,1 пайызға, ағаш құрылыс конструкциялары мен бояулар, лактар және соған ұқсас жабындар бағасы 1,5 пайызға өсті. Сонымен қатар, есепті кезеңде қыш тақтайшалары 0,4 пайызға, ағаш материалдары 0,3 пайызға қымбаттаған. Ал металл конструкциялар мен конструкция бөлшектерінің бағасы 3,8 пайызға, болат жаймалары 0,6 пайызға, ал металл құбырлар 0,1 пайызға арзандаған.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!