Қазақстанның халықаралық резервтері 2,2 пайызға кеміді

Фотография - Қазақстанның халықаралық резервтері 2,2 пайызға кеміді

Бұл туралы кеше ҚР Ұлттық банкінің қаржы нарығындағы ахуалына арналған баспасөз мәслихатында мәлім болды.

141 0

Биылғы жылдың маусым айында елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда 89,6 млрд. долларға дейін (2,2 пайызға) төмендеді.

Бұл туралы кеше ҚР Ұлттық банкінің қаржы нарығындағы ахуалына арналған баспасөз мәслихатында мәлім болды.

Ұлттық банктің халықаралық резервтері өткен айда 26,1 млрд. долларға дейін (7,9 пайызға) азайды. Ал таза халықаралық резервтер негізінен алтын бағасының төмендеуі есебінен 8,1 пайызға азайып, 25,6 млрд. долларды құрады. Нәтижесінде таза валюта қорлары 6,5 пайызға азайып, алтындағы активтер 13,7 пайызға қысқарды.

2013 жылғы маусымда ақша базасы 1,8 пайызға кеңейіп, 3094,7 млрд. теңге болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 3048,5 млрд. теңгеге дейін 2,4 пайызға кеңейді.

Мамырда ақша массасы 2,4 пайызға ұлғайып, айналыстағы қолма-қол ақшаның көлемі 1,5 пайызға өсті. Банк жүйесіндегі депозиттер 2,6 пайыз артып, 9858,2 млрд. теңге болды. Депозиттердің ақша массасының құрылымындағы үлесі айналыстағы қолма-қол ақша көлемінің қысқаруы аясында депозиттер көлемінің өсуі салдарынан желтоқсандағы 85,5 пайыздан мамырда 87,1 пайызға дейін ұлғайды.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!