Қазақстан Канаданың әлем бойынша алтыншы сауда серіктесі

Фотография - Қазақстан Канаданың әлем бойынша алтыншы сауда серіктесі

Бұл туралы бүгін Алматыда «Қазақстан және Канада: даму ынтымақтастығының қазіргі жағдайы және келешегі» деген тақырыпта өтіп жатқан дөңгелек үстел жиынында айтылды

248 0

 Канаданың ауыл шаруашылығы техникалары мен мал экспортында Қазақстан 6-шы орын алады.

Бұл туралы бүгін Алматыда «Қазақстан және Канада: даму ынтымақтастығының қазіргі жағдайы және келешегі» деген тақырыпта өтіп жатқан дөңгелек үстел жиынында айтылды.

«Қазақстан мен Канаданың арасындағы қарым-қатынас қоғамның барлық саласын қамтиды. Оның ішінде мұнайгаз өндірісі, тау-кен өндірісі, уран, ауыл шаруашылығы, білім, банк, мемлекеттік басқару сияқты салаларды ерекше атап өтуге болады», - дейді Қазақстанның Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Константин Жигалов. Оның айтуынша, екі елдің арасындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылдың сәуір айында басталған. Жалпы бұл басқосу екі елдің арасындағы қарым-қатынас үшін жоспарлы сипаттағы шара. Ол жылына бір рет Канадада өтеді. Онда ынтымақтастықтың жаңа салалары айқындалып, кәсіпкерлер арасындағы серіктестік байланыс жасалады. Мұндай алқалы жиындардың екі елдің арасындағы қарым-қатынасты тереңдетіп, кеңейтуде маңызы өте зор.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!