Канада Қазақстан экономикасына 6 млрд доллар инвестиция салды

Фотография - Канада Қазақстан экономикасына 6 млрд доллар инвестиция салды

Бұл туралы бүгін ҚР-ның Канададағы Төтенше және өкілетті елшісі Константин Жигалов екі ел арасындағы ынтымақтастық пен оны дамытуға арналған дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.

173 0

Канада Қазақстанмен 20 жыл ынтымақтастығы кезінде ҚР экономикасына 6 млрд долларға жуық қаржы инвестициялады. Дегенмен, екі ел арасында ресми инвестициялық келісімге қол қойылған жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР-ның Канададағы Төтенше және өкілетті елшісі Константин Жигалов екі ел арасындағы ынтымақтастық пен оны дамытуға арналған дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, 1992 жылдың сәуірінен бастап Қазақстанның Канадамен қарым-қатынасы жақсы дамып келе жатыр. «ҚР Президентінің 2003 жылғы Канадаға сапары сол кезеңдегі екі ел арасындағы маңызды оқиға саналды. Ол екіжақты қарым-қатынасты дамытуға септігін тигізді, жаңа серпін берді, бірқатар халықаралық келісім-шарттарға қол қойылды», - деді К.Жигалов.

Елші өз сөзінде Канада Қазақстанның ТМД елдерінің қатарындағы емес Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің арасындағы басты сауда серіктесі екенін атап өтті.

Еске сала кетсек, осындай кездесулер жылына екі рет ұйымдастырылады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!