2013 жылы қазақстандықтардың дебиторлық қарызы 7,3 млрд теңгеге дейін өскен

Фотография - 2013 жылы қазақстандықтардың дебиторлық қарызы 7,3 млрд теңгеге дейін өскен

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысы барысында ҚР Өңірлік даму вице-министрі Серік Нокин мәлімдеді.

151 0

013 жылы Қазақстанда коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың дебиторлық борыш мөлшері 11 %-ға артып, 7,3 млрд теңгені құрады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысы барысында ҚР Өңірлік даму вице-министрі Серік Нокин мәлімдеді.

«Өткен жылу беру маусымының соңында коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың дебиторлық борышы 6,5 млрд теңгені құрады. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдайға сәйкес дебиторлық борыш көлемі 7,3 млрд теңгені құраған, яғни ол 698 млн теңгеге немесе 11 %-ға артып отыр», - деді С.Нокин.

Оның айтуынша, дебиторлық борыш мөлшері негізінен екі өңір есебінен өскен. Алматы қаласы бойынша аталмыш көрсеткіш 743 млн теңгеге, ал Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 92 млн теңгеге артқан.

«Бұл ретте Алматы, Астана және ОҚО-ның аймақ бойынша қарыз мөлшері  5,7 млрд теңгені құрайтынын атап өткен жөн. Бұл - республика бойынша жалпы дебиторлық борыштың 75%-ына жуық», - деп толықтырды ол.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!