Елімізде өткен 6 айда өндірілген электр қуаты былтырғыға қарағанда 2,1 пайызға артты

Фотография - Елімізде өткен 6 айда  өндірілген электр қуаты былтырғыға қарағанда 2,1 пайызға артты

 Қазақстанда өткен 6 айда электр қуатын өндіру 46,5 млрд. кВт/сағат құрады.

126 0

 Қазақстанда өткен 6 айда электр қуатын өндіру 46,5 млрд. кВт/сағат құрады.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,1 пайызға артық. Сонымен бірге, электр қуатын тұтыну 45,1 млрд. кВт/сағат болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға төмен көрсеткіш. Бүгін Үкімет отырысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев осылай мәлім етті.

Сөз арасында вице-министр алдағы жылыту маусымына дайындық бойынша мониторинг жүзеге асып жатқанын айтып, жергілікті әкімдіктердің назарын «дәл қазіргі уақытта жылыту маусымында пайдаланылатын отын қорын құруға кірісу керектігіне» аударды.

«Алдағы күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық үшін электр стансаларының негізгі қондырғыларын жөндеу жұмыстарының кестесі бекітілді. Соған сәйкес, 9 энергоблоктың, 57 жылу қазандықтары мен 48 турбиналарды күрделі жөндеу жұмыстары қарастырылған», - деді Б. Жақсалиев.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!