Алматыда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымын ұлғайту жолдары талқыланады

Фотография - Алматыда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымын ұлғайту жолдары талқыланады

Алматыда 18 шілде күні «Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымын ұлғайту жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел жиыны өтеді

160 0

Алматыда 18 шілде күні «Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымын ұлғайту жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел жиыны өтеді.

Оны «Атамекен» одағы ұлттық экономикалық палатасы АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігінің Аймақтық экономикалық ынтымақтастық жобасымен бірлесіп ұйымдастырып отыр. Жиынға Қазақстаннан сауда желілері, көліктік-логистикалық компаниялар мен ауыл шаруашылығы және тоқыма өнімдері дистрибьютерлерінің 60-тан астам кәсіпкері, мемлекеттік органдардың, бизнес қауымдастықтарының өкілдері қатыспақ. Ал Өзбекстан тарапынан тоқыма және жеміс-жидек саласындағы бизнесмендер қатысады деп жоспарлануда. Бұған дейін екі елдің бизнес және мемлекеттік құрылымдары өкілдері арасында мұндай шара сәуір айында Ташкент қаласында өткен болатын. Бұл басқосуда тараптар енді кедендік, фито-санитарлық талаптар мен көліктік инфрақұрылымдар, логистикалық жүйелер мен сауданы қаржыландыру сияқты бірқатар өзекті мәселелерді қарастырмақ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!