Fitch Францияның ірі банктерінің рейтингісін төмендетті

Фотография - Fitch Францияның ірі банктерінің рейтингісін төмендетті

деп хабарлайды ресейдің РБК ақпараттық порталы.

130 0

Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Францияның ірі банктерінің ұзақ мерзімдік рейтингісін төмендетті. Агенттіктік таратқан ресми баспасөз хабарламасында көрсетілгендей, бұлар француздардың Credit Agricole, Societe Generale, Groupe BPCE, Dexia, Dexia Credit Local банктері болып отыр. Осы банктердің рейтингілері «А+»-ден «А»-ға дейін бір саты төмендетілген, деп хабарлайды ресейдің РБК ақпараттық порталы.

Сондай-ақ, осы банктердің қысқа мерзімдік рейтингілері де «F1+»-ден «F1»-ге дейін төмендеген. La Banque Postale банкінің ұзақ мерзімдік рейтингі «АА-»-дан «А+»-ға түсті (қысқа мерзімдік рейтингісі «F1» деңгейінде белгіленді).

Қалған банкілердің тұрақтылық рейтингілері бір деңгейде қалып отыр. Ал, болжалды рейтинг қалпы тұрақты деп бағалануда,

Ірі банктердің рейтингісінің төмендеуі Францияның ұзақ мерзімдік кредиттік рейтингісінің бір саты төмендетілуіне байланысты болып отыр.  Ол 13 маусым күні «AAA» деңгейінен «AA+» бір саты төмендетілген болатын.

Fitch агенттігі қазіргі уақытта Франция үкіметі елдегі банк жүйесін қолдауға мүмкіндігі аз, осы себепті олардың рейтингі төмендетілуде, деп санайды. Рейтинг агенттігінің сарапшылары елдегі ірі банкілердегі қаржылық мәселелердің (егер ондай күн туа қалса) болуы еуропадағы банк саласындағы жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін деп алаңдап отыр.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!