Бірінші жартыжылдықта жалпы ішкі өнім 5,1 пайызға өсті

Фотография - Бірінші жартыжылдықта жалпы ішкі өнім 5,1 пайызға өсті

Бірінші жартыжылдықта жалпы ішкі өнім 5,1 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған Үкімет отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті

291 0

Бірінші жартыжылдықта жалпы ішкі өнім 5,1 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған Үкімет отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Әлемдік экономика мен сыртқы нарықтардағы белгісіздіктерге қарамастан, 2013 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстан экеономиканың оң өсімі қамтамасыз етілді. Алдын ала есептеу бойынша елдің жалпы ішкі өнімі жартыжылдықта 5,1 пайызға өсті. Экономиканың алты негізгі саласы бойынша қысқамерзімді экономикалық индикатор 104,1 пайызды құрады»,- деді министр. Оның сөзіне қарағанда, экономиканың өсуіне тұрақты макроэкономикалық ахуал септігін тигізді. Инфляция ағымдағы жылдың маусымында 0,3 пайызды құрады. Ал жылдың басынан бері 2,7 пайыз деңгейінде болды. Жылдық мәндегі инфляция 5,9 пайыз деңгейінде қалыптасты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!