Еліміздің халықаралық резерві 89,6 млрд. долларға жетті

Фотография - Еліміздің халықаралық резерві 89,6 млрд. долларға жетті

 Қазақстанның халықаралық резерві жыл басынан бері 4,1 пайызға өсіп, 89,6 миллиард долларға жетті

191 0

 Қазақстанның халықаралық резерві жыл басынан бері 4,1 пайызға өсіп, 89,6 миллиард долларға жетті.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті. «Оның ішінде еліміздің жалпы халықаралық резерві 26,1 миллиард долларды құрап, жыл басынан бері 7,6 пайызға төмендеді. Бұл көрсеткіш негізінен алтынға әлемдік бағамның төмендеуіне байланысты болып отыр. Сондай-ақ, ұлттық қордың шетелдік валютадағы активі 63,5 миллиард долларды құрап, жыл басынан бері 9,8 пайызға өсті »,- деді экономика министрі. Оның айтуынша, мамыр айындағы кредиттік көрсеткіш жыл басындағымен салыстырғанда, 4,5 пайызға өсіп, 10,3 триллион теңгені құраған. «Ұзақ мерзімді кредиттеудің 1,5 пайызға артқаны да байқалады»,- деді Е.Досаев.

 


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!