Жыл басынан бері еліміздің экспорты 10,8 пайызға төмендеп, импорт 10,3 пайызға артты

Фотография - Жыл басынан бері еліміздің экспорты 10,8 пайызға төмендеп, импорт 10,3 пайызға артты

Бұл туралы бүгін ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланған Үкімет отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті

208 0

Жыл басынан бері еліміздің экспорты 10,8 пайызға төмендеп, импорт 10,3 пайызға артты.

Бұл туралы бүгін ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланған Үкімет отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

Министрдің айтуынша, есепті кезеңде елдің экспорты 10,8 пайызға төмендеген. Бұл ретте үшінші елдерге экспорттың физикалық және номиналды көрсеткіштері 7,5 пайызға және 6 пайызға кеміген.

«Сонымен қатар, жыл басынан бері әлемдік нарықта мұнай бағасы 8,7 пайызға, темірге баға 16,8 пайызға төмендеді. Шикі мұнай экспорты 5,5 пайызға, ферроқорытпалар - 10,8 пайызға, мырыш - 18,7 пайызға, бидай - 61,3 пайызға азайды. Бұл ретте тауар импорты 10,3 пайызға артты», - дейді Е. Досаев.

Оның айтуынша, Кедендік одақ елдерімен қаңтар-мамыр айлары аралығындағы өзара сауда айналымы 1,8 пайызға артып, 9,4 млрд. долларды құраған. Оның ішінде экспорт 2,7 пайызға қысқарып, импорт 3,7 пайызға артып отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!