Жартыжылдықта Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне 3,1 трлн. теңге түсті

Фотография - Жартыжылдықта Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне 3,1 трлн. теңге түсті

Бұл жоспардың 97,6 пайызы. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев осылай мәлім етті

181 0

2013 жылдың алты айында Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне 3 трлн. 160 млрд. теңге түсті.

Бұл жоспардың 97,6 пайызы. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев осылай мәлім етті.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік бюджетке түсім көлемі 2,2 пайызға төмендеген.

«2013 жылға макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгертілген болжамына сәйкес, маусым айында республикалық бюджетті нақтылау жүргізілді. Осыған орай республикалық бюджеттің түсімі нақтылауды ескере отырып 2 трлн. 610 млрд. теңгені құрады немесе 94,6 пайыз»,-деді министр.

Оның айтуынша, республикалық бюджетке кірістер 2 трлн. 592 млрд. теңге сомасында болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!