Қызылорда облысында электр энергиясының тарифі арзандайды

Фотография - Қызылорда облысында электр энергиясының тарифі арзандайды

Бұл туралы ҚР ТМРА өңірлік департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

271 0

Қызылорда облысында электр энергиясының тарифі 1 тамыздан бастап 4,6%-ға төмендейді. Бұл туралы ҚР ТМРА өңірлік департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Қызылорда ӨЭК» АҚ-ға жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында электр қуатын беру және тарату қызметтерінің бекітілген тарифтік сметалары, инвестициялық бағдарламалар, шикізат пен материалдар, ЖЖМ және электр энергиясы шығынының техникалық нормаларын арттыру бойынша міндеттемелердің орындалмағаны анықталды. Тексеру нәтижесі бойынша кәсіпорынға уақытша өтемдік тариф енгізіліп, 1 тамыздан бастап қосымша құн салығынсыз 1 кВт/сағат электр энергиясын 3,91 теңгеден 3,73 теңгеге дейін немесе 4,6%-ға арзандату міндеттелді», - делінген хабарламада.

Сонымен, облыстық энергиямен жабдықтаушы ұйымдар биылғы жылдың 1 тамызынан бастап тарифтерді 1,2 пайыздан 1,5%-ға дейін төмендетеді, атап айтқанда:

- «Энергосервис» ЕЖШС - 13,06 теңгеден 12,88 теңгеге дейін;

- «Шиелі Жарығы» 13,56 теңгеден 13,36 теңгеге дейін;

- «Дәулетэнерго» 14,24 теңгеден 14,06 теңгеге дейін;

- «Мөлдір Электрик» 14,40 теңгеден 14,22 теңге дейін.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

энергетика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!