Тамызда жылу, газ және жанар-жағармайға тарифтер көтерiлмейдi

Фотография - Тамызда жылу, газ және жанар-жағармайға тарифтер көтерiлмейдi

Биылғы жылдың тамыз айында республика бойынша жылумен, газбен жабдықтауға және жанар-жағармайға тарифтер көтерiлмейдi

159 0

Биылғы жылдың тамыз айында республика бойынша жылумен, газбен жабдықтауға және жанар-жағармайға тарифтер көтерiлмейдi.

Бұл туралы бүгiн Астанада ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттiгi төрағасының орынбасары Аманжол Алпысбаев мәлiм еттi.

"Ағымдағы жылғы тамыз айында республика бойынша жылумен, газбен жабдықтауға және жанар-жағармайға тарифтер көтерiлмейдi", - деп атап өттi А. Алпысбаев.

Оның айтуынша, тамыздан бастап, сумен жабдықтау және кәрiз қызметтерiне бағалар елдiң үш өңiрiнде: Оңтүстiк Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кейбiр аудандарында баға көтерiледi. Ал Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында электр энергиясының бағалары төмендемек.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!