Қаржы полициясы алкоголь мен мұнайдың заңсыз айналымын азайта отырып, бюджет түсімін арттырды

Фотография - Қаржы полициясы алкоголь мен мұнайдың заңсыз айналымын азайта отырып, бюджет түсімін арттырды

Қаржы полициясы агенттігінің алькогольдік өнімнің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстарды ашуы 2 есе артқан

161 0

Қаржы полициясы агенттігінің алькогольдік өнімнің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстарды ашуы 2 есе артқан.

Бұл жөнінде бүгін ведомство басшысы Рашид Түсіпбеков алқа отырысында айтты.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде бюджетке арақ өнімдерін сатудан ғана акциздік төлемдердің 25%-ға артқаны байқалады.

Бұған қоса, қазір алькоголь өндірушілері шығарылған өнімнің нақты көлемін көрсетуге және олардан салық төлеуге мәжбүр. Бұған дәлел - еліміздегі тіркелген алкоголь өнімінің 7%-ға өсу үрдісі.

Сондай-ақ, мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымын әшкерелеу 3 есе артқан.

Нәтижесінде Мұнай және газ министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, Атырау мұнай өңдеу зауытына ғана келіп түсетін шығуы күмәнді мұнайдың мөлшері 2010 жылғы 300 мың тоннадан осы жылғы 1,5 мың тоннаға дейін азайған.

«Бұл шаралардың барлығы көлеңкелі айналымның шын мәнінде төмендеуіне және мемлекет үшін экономикалық нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді», деп атап өтті Р. Түсіпбеков.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!