Қазақстанда көлік пен тұрғын үй салығын көтеруге негіз бар

Фотография - Қазақстанда көлік пен тұрғын үй салығын көтеруге негіз бар

Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры Олжас Құдайбергенов қозғалтқыш көлемі 3-4 литрді құрайтын жеңіл автокөліктерге салық мөлшерлемесін, сондай-ақ Алматы, Астана және облыс орталығындағы тұрғын үйлердің салығын арттыруға негіз бар деп есептейді.

186 0

Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры Олжас Құдайбергенов қозғалтқыш көлемі 3-4 литрді құрайтын жеңіл автокөліктерге салық мөлшерлемесін, сондай-ақ Алматы, Астана және облыс орталығындағы тұрғын үйлердің салығын арттыруға негіз бар деп есептейді.

Құдайбергенов өзінің Facebook-тегі парақшасына жазғандай, Қазақстанда мұндай автокөліктер 3,7 млн жеңіл көліктің 103,5 мыңын ғана құрайды. Және, оларға салықты көтеру қисынды. «Көлік салығын алсақ, меніңше, өлшемді дұрыс таңдап алған деуге болады. Салық бар болғаны 100 мың көлікке көтеріледі», - деп есептейді экономист.

Айта кетейік, статистикалық агенттіктің мәліметінше, биылғы жылдың 1 наурызында Қазақстанда 3,7 млн жеңіл автокөлік тіркелген. Еліміздегі қозғалтқыш көлемі 4 мың текше см-ден жоғары 59 мың автокөліктің 21,7 мыңы Алматыда екен.

«Тұрғын үй салығының мөлшерлемесі 2008 жылдан бері өзгермеген. Ал одан бері нақты бюджет 2 еседен астам өсті. Орташа айлық жалақы да екі есе артып отыр. Сондықтан мөлшерлемені екі есе арттыру қисынды, оның үстіне мұның ауылға қатысы жоқ. Осыдан кейін жаңа мөлшерлеме тағы да 5 жыл бойы өзгермейді деп үміттенеміз. Сайып келгенде бұл жолы салықты көтеруге негіз бар деп айтуға әбден болады», - деп толықтырды О.Құдайбергенов.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!