Apple-дың Қытай нарығындағы табысы екі есе азайды

Фотография - Apple-дың Қытай нарығындағы табысы екі есе азайды

Apple-дың соңғы үш айлық табысы көңіл көншітпейді.

137 0

Apple-дың соңғы үш айлық табысы көңіл көншітпейді. Алдын ала болжамға қарамастан iPhone телефондарының сатылымы бойынша компания көрсеткіштері едәуір жоғары болған. Осыған қарамастан, жалпы табыс көлемі 22% немесе 6,9 млрд. долларға төмендепті.

Оның үстіне компанияның Қытай нарығындағы жағдайы күрт нашарлап кетті. Ондағы табыстың көлемі бірден 43% немесе екі есеге азайған. Сауда-саттық жасау бойынша Қытай нарығы корпорация үшін маңызы жағынан екінші орында екенін ескерсек, бұл жағдай елеусіз қалмайтыны сөзсіз. Алайда компания басшылығы табыс көлемінің не себепті төмен болғандығын айтып бере алмай отыр. Ал, сарапшылардың айтуы бойынша, басты себеп бағаның қымбаттығында. Apple бәсекелестерінің өнімдері Samsung болса арзан, әрі сапасы да кем түспейді.


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!