Қазақстанда азық-түлік қымбаттаған

Фотография - Қазақстанда азық-түлік қымбаттаған

 2013 жылғы шілдеде азық-түлік тауарларының бағасы 2012 жылғы шілдемен салыстырғанда 4,5%-ға өсті, деп хабарлайды ҚР Статистика агентті.

89 0

 2013 жылғы шілдеде азық-түлік тауарларының бағасы 2012 жылғы шілдемен салыстырғанда 4,5%-ға өсті, деп хабарлайды ҚР Статистика агентті.

Оған сәйкес, 2013 жылғы шілдеде 2012 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға ұнға 16,1%, макарон өнімдеріне – 11,4%, жемістер мен көкөністерге – 11,2%, тоқаш және ұн өнімдеріне – 4,8%, балық және теңіз өнімдеріне – 4,5%, кофе, шай және какаоға – 4,4%, май және тоң майға – 4,2%, алкогольді ішімдіктерге – 4%, сүт өнімдеріне – 3,9%, кондитерлік өнімдерге – 3,4%, нанға – 1,8%-ға өсті. Бағаның төмендеуі жармаларға 8,2%, қантқа – 5,2%-ға байқалды.

Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 3% құрады. Шұжық өнімдеріне баға деңгейі 4,2%, қой етіне – 4%, жылқы етіне – 3,7%, шошқа етіне – 2,8%, құс етіне – 2,4%, сиыр етіне – 2,3%-ға жоғары болды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!