Шілдеде өнеркәсіп өнімдерін өндіру бағасы 1,8 пайызға жоғарылады

Фотография - Шілдеде өнеркәсіп өнімдерін өндіру бағасы 1,8 пайызға жоғарылады

Бұл туралы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды

108 0

Ағымдағы жылғы шілдеде өнеркәсіп өнімдері бағасы 1,8 пайызға жоғарылады.

Бұл туралы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды. Агенттік мәліметтеріне қарағанда, ағымдағы жылғы шілдеде маусыммен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде 2,9%-ға көтерілсе, өңдеу өнеркәсібінде 0,7%-ға төмендеді. Сонымен қатар, есепті кезеңде өндірілген өнім 1,8%, өндірістік сипаттағы қызметтер 0,8%-ға қымбаттады.

Бұдан бөлек, өткен айда бағаның газ конденсатына - 17,4%, табиғи газға - 3,3%-ға, отындық мазут және дизельдік отынға - 1,6%-дан, мұнайға - 1,2%-ға жоғарылауы, олардың бензинге - 1,8%, сұйытылған пропан мен бутанға - 1,6%, көмірге - 1,2%, керосинге - 1,1%-ға төмендеуі тіркелді. Бір айда баға өңделмеген алюминийге - 1,5%, ферроқорытпаларға - 1,4%, қара металдар илегіне - 1,3%-ға жоғарылап, керісінше қорғасынға - 5,6%, асыл металдарға - 3,5%, мысқа - 2,1%, өңделмеген мырышқа 1,6%-ға төмендеген.

Ал құс еті - 0,9%, жармалар - 0,5%, шай - 0,3%-ға қымбаттады. Қант - 5,5%, мал еті - 2,2%, бидай ұны - 1,1%-, балық және өсімдік майы - 0,3%-ға арзандаған.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!