Жылыту маусымына әзірлікке 6109,7 млн. теңге бөлінбек

Фотография - Жылыту маусымына әзірлікке 6109,7 млн. теңге бөлінбек

Батыс Қазақстан облысында жылыту маусымына әзірлікке 6109,7 млн. теңге бөлінбек. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Алмаз Бадашевтың төрағалығымен өткен кеңесте мәлім етілді

122 0

Батыс Қазақстан облысында жылыту маусымына әзірлікке 6109,7 млн. теңге бөлінбек. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Алмаз Бадашевтың төрағалығымен өткен кеңесте мәлім етілді.

БҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық департаменті директорының орынбасары Бекет Тұрсыновтың айтуынша, соның ішінде 1462,3 млн. теңге коммуналдық кәсіпорындар жабдықтары мен желілерін күрделі жөндеуге жұмсалмақ. 3048 млн. теңге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, «Ақ бұлақ» және өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында 14 жобаны жүзеге асыруға бағытталмақ. Сондай-ақ 16 білім, 9 денсаулық сақтау, 4 мәдениет нысаны жөнделіп, сұйық және қатты отын сатып алынуда-деп  хабарлады  ҚазАқпарат

Аудандармен тікелей байланыста өткен жиында алдағы қысты апатсыз өткізу үшін инженерлік желілерді мұқият дайындау, коммуналдық кәсіпорындардың жауапкершілігін күшейту, осы қызметтер үшін қордаланған қарызды азайту қажеттігі айтылды.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!