Алтын арзандады

Фотография - Алтын арзандады

Әлемде алтынның бағасы төмендеп кетті. Бұл жайында "Қазақмыс" корпорациясының сарапшысы мәлімдеді

201 0

Әлемде алтынның бағасы төмендеп кетті. Бұл жайында "Қазақмыс" корпорациясының сарапшысы мәлімдеді.

Бүгінде Лондон және Нью-Йорк қалаларында алтын арзандап, күміс керісінше қымбаттады. Кешкі фиксинг нәтижесі бойынша, Лонданда алтынның құны 1315 - 1309,25 долларға дейін төмендеп, күміс 19,72 - 19,46 доллар аралығында қалған. Ал, Нью-Йорк тауар биржасында жағдай мүлдем басқа. Онда алтынның троя унциясы 1311 - 1310,6 долларға арзандап, күміс керісінше 19,61 -19,9 долларға дейін қымбаттады.

Сарапшының айтуынша, бағаның төмендеуі АҚШ-тың экономикалық статистика мәліметіне байланысты болып отыр. Қазіргі таңда Федералды резервтік жүйе экономиканы ынталандыру жұмыстарын шектеуі мүмкін деген болжам бар. Оның үстіне әлемдік валюталардың тұрақсыз бағамы да өз кесірін тигізуде. Тұтынушылардың кірісі мен шығысы, инфляция деңгейі, қысқа мерзімді инвестициялардың ағылуы, жүйелік тәуекелдер өз алдына тағы бар.

World Gold Council-дың таратқан мәліметіне сенсек, 2013 жылы ETF қорындағы алтынның көлемі 2,7 мың тоннадан екі тоннаға дейін азайған. Дүние жүзі бойынша ірі алтын қорларының бірі SPDR Gold Trust-тың алтын қоры отыз пайызға кеміпті - деп хабарлады baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!