Алматыда күнкөріс шегі 20 мың теңгеден асады

Фотография - Алматыда күнкөріс шегі 20 мың теңгеден асады

деп хабаралайды Алматы қаласының статистика департаменті.

348 0

 2013 жылы шілдеде Алматы қаласы бойынша шекті күнкөріс деңгейінің көлемі 20 242 теңгені құрады, деп хабаралайды Алматы қаласының статистика департаменті.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы ағымдағы жылдың шілдесінде өткен аймен салыстырғанда 0,8%-ға төмендеп, 2012 жылғы шілде айымен салыстырғанда 4,9%-ға артты», - деп көрсетілген хабарламада.

Оның құрылымында ет пен өт өнімдерін сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 22,8%, май мен жатоң май – 3,4%, сүт, ірімшік пен жұмыртқа – 11,7%, қант, шай және дәмдеуіштерді – 2,1%, жемістер мен көкөністер – 10,5%, балық 2,2%, нан және жарма өнімдерін – 7,3%-ды құрады.

Сонымен қатар 13 жасқа дейінгі балаларға арналған ең төменгі күнкөріс деңгейі өткен айда 15 850 теңгені, зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін 19 057 теңгені құрады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!