Қазақстанда өндірушілер үшін ыңғайлы жағдай жасалған

Фотография - Қазақстанда өндірушілер үшін ыңғайлы жағдай жасалған

ҚР Ұлттық банкінің «Валюта нарығының үрдісі» атты презентациясында осылай деп көрсетілген.

184 0

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі инфляция деңгейі және кәсіпорын шығындарының қалыптасуында негізгі фактор болып табылатын жалақы өсімінің деңгейі төмен болған жағдайда сақталады. ҚР Ұлттық банкінің «Валюта нарығының үрдісі» атты презентациясында осылай деп көрсетілген.

Ұлттық банк мәліметтеріне сәйкес, 2001-2012 жылдары инффляция деңгейі 8-9%-дан аспайтын төмен дәрежеде сақталды.

«Дағдарыстан кейін 2009 жылы инфляция төмен қарай құлдырай бастады. Соңғы 4 жылда инфляция деңгейі шамамен 7% шамасында, 2013 жылдың маусымында ол 5,9%-ды құраған болатын», - деп көрсетілген презентацияда.

Ал жалақы мөлшерінің өсу қарқынына келетін болса, номиналдық және нақты көреткіште оның қарқыны сәл бәсеңдей түсті. 2009 жылдан 2013 жылдың маусымы аралығында номиналдық жалақының орташа жылдық өсімі 14,1%-ды, нақты жалақыныкі 6,9%-ды құрады, деп атап көрсеткен презентация авторлары.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!