Алматыда тұрғын үйдің шаршы метрі 2 000 доллар

Фотография - Алматыда тұрғын үйдің шаршы метрі 2 000 доллар

Алматыда баспананың бір шаршы метрі ағымдағы жылы 29 шілде мен 5 тамыз аралығында орта есеппен 1974 долларды құрады

198 0

Алматыда баспананың бір шаршы метрі ағымдағы жылы 29 шілде мен 5 тамыз аралығында орта есеппен 1974 долларды құрады. Алматының екінші деңгейлі баспана нарығында осы уақыт аралығындағы ұсыныстардың орташа бағасы тұрақты қалыпта сақталды.

Бағалардың өзгеруі орташа статистикалық ауытқулық деңгейінде сақталды, тек Түрксіб ауданында жағдай өзгеше, онда ұсыныстың орташа баға көрсеткіші төмендеп, шаршы метріне 1332.86 долларды құрады. Осылайша, Түрксіб ауданында абсолютті ұсынылған орташа баға өзгерісі шршы метріне 42, 66 шартты бірлікке теңесті.

Екінші деңгейлі баспана нарығында ең жоғары баға Медеу ауданында байқалды. Мұнда тұрғын үйдің шаршы метрі 2636 долларға тең. «Ең қымбат» баспананың бір шаршы метрі жалпы қала бойынша - 2519$, «ең арзаны» - 1545$.

«Жалпы, пәтер сатуда Әуезов ауданы көш бастап тұр, онда аталған уақыт аралығында 882 нысан сатылымға ұсынылған. Ал бөлме санына жіктейтін болсақ, қала бойынша үш бөлмелі пәтер көбірек сатылымға шығарылған екен – 1194», - деп көрсетілген хабарламада.

Осы орайда атап өтетіні, Алматының екінші деңгейлі пәтерлер нарығында сарапқа салынған база 3282 нысанды қамтыды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!