Халық банкке 711,9 мың теңге айыппұл салып отыр

Фотография - Халық банкке  711,9 мың теңге айыппұл салып отыр

Халық банкінің басына қара бұлт үйірілді. Күні кеше ғана Ұлттық банк Халық банктің шетел валюталарын саудалауына тыйым салған болса, енді міне бүгін 711,9 мың теңге айыппұл салып отыр

199 0

Халық банкінің басына қара бұлт үйірілді. Күні кеше ғана Ұлттық банк Халық банктің шетел валюталарын саудалауына тыйым салған болса, енді міне бүгін 711,9 мың теңге айыппұл салып отыр. 

«Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жүргізу бойынша бірқатар шикіліктер әшкереленген. Дәл осындай қателіктерге «Верный Капитал» АҚ да бой алдырыпты. Осыған орай бас банк олардан мiндеттеме-хат талап еткен. Сондай-ақ, мiндеттеме-хатын «Груп 4 Инкассация» ЖШС тапсыруы тиіс. Себебі, ол жылдық қаржылық есептілікті белгiленген мерзiмнен кешіктіріп өткізіпті - деп хабарлады baq.kz

Естеріңізге сала кетейік, жақында Ұлттық банк еліміздегі үш бірдей банктің шетел валютасын айырбастауға лецензиясын уақытша қайтарып алған болатын. Себебі, олар қаржы мониторингін дұрыс жүргізбеген. Сондықтан да алдағы үш айда олар қаржы мониторингіне кіретін ішкі қадағалау жүйесіндегі ақауларды реттеп, жасалған қаржылық операциялар туралы ақпараттың толыққанды болуын қамтамассыз етуі керек.

 


Тегтер:

банк

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!