Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары 400 мыңнан асып кетті

Фотография - Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары 400 мыңнан асып кетті

 деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

228 0

2013 жылдың 5 тамызындағы мәлімет бойынша, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ында 435 мың 141 тұрғын үй жинағы жөніндегі шарт жасалған. Банктің депозиттік базасы 166,1 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, екінші деңгейлі банктердегі (ЕДБ) тұрғындардың салымдары үлесі бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 8 орын. Тұрғындардың ұзақ мерзімді салымы үлесімен банк 1-ші орында, деп көрсетілген.

«Несие портфелі 128 млрд теңгені құраған. ЕДБ-мен құрылыс және баспана алуға берілген заемдар бойынша банктің үлесі 12,9%. ҚР Ұлттық банк статистикасы бойынша банктің төлеу мерзімі 90 күннен жоғары кешіктірілген несиелері 1,1%. Орташа алғанда ЕДБ-терде бұл көрсеткіш 30,37%», - деп көрсеитілген баспасөз хабарламасында.

Банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2012 жылы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ Банкі» АҚ-ның есебінен республикалық бюджетке жай акциялармен дивидент ретінде0,7 млрд теңге кіріс келтірген. Дивидендтер көлемі 1 қатардағы акциямен алғанд 91,3 теңге, ал айналымдағы қатардағы акция саны 7 млн 830 мың дана.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!