Қазақстандықтар елдегі экономикалық жағдайды оң бағалап отыр

Фотография - Қазақстандықтар елдегі экономикалық жағдайды оң бағалап отыр

 деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігі.

152 0

2013 жылдың шілдесінде «Тұтынушылардың сезіну индексі» өткен аймен салыстырғанда 1 пайыздық тармаққа ұлғайып, +17%-ды құрады, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігі.

Сонымен, статистика агенттігінің мәліметінше, өткен айда респонденттердің 31%-ы соңғы 12 ай ішінде еліміздегі экономикалық жағдайдың жақсарғанын атап өтті, сонымен бір мезетте респонденттердің 13%-ы жағдайдың нашарлағанын хабарлаған.

Бұдан бөлек, «Экономикалық ахуал индексі» 1 пайыздық тармаққа ұлғайып, +17%-ды пайызды құрады. Респонденттердің үштен біріне жуығы (30%) алдағы 12 айда елдегі жалпы экономикалық жағдайдың одан әрі жақсараты деп болжайды, сонымен бірге 13%-ы жағдай нашарлауы мүмкін деп есептейді.

«Сатып алу тілегінің индексі» де өткен аймен салыстырғанда 1 пайыздық тармаққа ұлғайып, 18%-ды құрады. Респонденттердің үштен біріне жуығы (31%) 2013 жылдың шілдесінде жеке үй шаруашылығындағы қаржы жағдайының жақсарғанын хабарлады. Сонымен бірге, респонденттердің 14%-ы өз үй шаруашылығындағы қаржы-экономикалық жағдайдың нашарлағанын атап өтті. Респонденттердің 9%-ы сауалнама барысында еліміздегі жұмыссыздық деңгейіне қатысты ахуал алдымыздағы 12 айдың ішінде жақсарады десе, сол кездегі сұралғандардың 12%-ы пайызы оған қарама-қарсы пікірді ұстанған. Алдымыздағы 12 айдың ішінде үй шаруашылығындағы ақшалай қорланым сомасының өсу мүмкіндігін сұралған тұтынушылардың 18%-ы атап өтсе, ал 18%-ы оның кемитінін айтқан.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!